Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктері хабарлайды.
Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік түрмелерінде ДАИШ тобының 2500 мыңдай мүшесі отырғанын айтқан. Кейін елдің ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу «Түркия – ДАИШ мүшелеріне қоанқүй емес» деп ел түрмелерінде қамауда отырған террористерді елдеріне қайтара бастайтынын мәлімдеген.
Сирияда қарулы қақтығыс басталғалы Қазақстанның сегіз жүзге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағына кетіп, сондағы террористік топтардың қатарына қосылғаны белгілі болған. Қазақстан 2019 жылдың басынан бері "Жусан" операциясы арқылы Сирия аумағындағы 595 азаматын қайтарған. Арнаулы операция кезінде келгендердің көпшілігі – әйелдер мен балалар.
Дереккөз: Азаттық