$ 498.34  519.72  4.85

Алматы тауында жоғалған бойжеткенді іздеуге тікұшақ тартылды

Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Болжам бойынша, Алматы тауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына тікұшақ тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның мәліметінше, 14 қарашада сағат 16:00-де тікұшақтық әуе эскадрильясы командирінің орынбасары Өміржан Асанғалиевтің басшылығымен, республикалық жедел-құтқару жасағынының құтқарушыларымен бірге ІІМ ТЖК-нің МИ-171 "Казавиаспас" тікұшағы "Боралдай" әуежайынан ұшып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының келісі бағдары белгіленді: Боралдай әуежайы – Үлкен Алматы шыңы – Космостанса – Үлкен Алматы өзені – "Коммунальник" шыңы – Боралдай әуежайы.

Бұған дейін Алматытауында жоғалған Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары қайта жандандырылып, іздеу шараларына тікұшақ тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, ТЖК-нің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы