$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да қорықшыға оқ атылды

Оқиға өткен түнде, сағат 12-нің кезінде болған.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Батыс Қазақстан облысында қорықшыға оқ атылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оқиға өткен түнде, сағат 12-нің кезінде болған. «Фрунзе» аңшылық шаруашылығының қорықшысы Геннадий Головатенко Круглоозерный кентінің аумағында әлдекімдердің шам жарығымен аң аулап жүргенін байқайды. Тоқтатып тексеру барысында браконьерлер қарсылық көрсеткен. Әуелі жұдырық ала жүгіріп, артынша оқ жаудырады. Қорықшы жандәрмен сытылып үлгерген. Күдіктілер полиция келгенше із суытқан. Бірақ көп ұзамай қолға түсті. 

Нұрлан Бисенов, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары: 

– Ол тұлғалар Орал қаласының тұрғындары. 87 жылы туған. Бірі бұрын сотталмаған, екіншісі сотталған. Оқиға орнынан атылған патрон гильзалары тәркіленді. Енді аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, терегу амалдары жүріп жатыр. 

Геннадий Головатенко, «Фрунзе» аңшылық шаруашылығының қорықшысы: 

– Олар фармен аң аулап жүрді. Екеуінің де ішіп алғандары көрініп тұрды. Тоқтатып, машинаны тексермек болғанымда маған қол көтерді. Үш-төрт рет ұрды, артынша мылтықпен атты. Мен машинаның тасасына тығылып үлгердім. Егер мына машина болмағанда мен сіздермен қазір сөйлеспес едім.

 

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/354730-b-o-da-ory-shy-a-shabuyl-zhasaldy

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БҚО #қорықшы