$ 494.87  520.65  4.91

Ресей қырғыздарға уәде еткен $3 миллиардты бере алмайтын болды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресейдегі экономикалық дағдарыс салдарынан Путин уәде еткен қаржылай көмектің берілмейтінін мәлімдеді. Сондықтан, Бішкек енді жоспарланған мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін өзге инвесторларды іздеп көрмек.

Ресей Федерациясы бұған дейін Қырғызстандағы екі жобаны жүзеге асыру үшін 3 миллиард доллар инвестиция құятынын мәлімдеген болатын. Алайда, экономикасы айтарлықтай құлдырап кеткен орыс үкіметі қазір бұл жоспарын кейінге ысырып қойды деп мәлімдеді Атамбаев журналистермен болған кешегі кездесуінде.

«РФ экономикасы құлдырап, әлемдік нарықта мұнай арзандап жатқан тұста Ресей бізге 3 миллиард доллар инвестиция құя алмайтынын білемін» деді қырғыз президенті. Ол аталған мәселені Владимир Путинмен талқылағанын да атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары