15.11.2019, 20:05

Нұр-Сұлтан орталығында көлік өртенді (ВИДЕО)

Фото: ҚазАқпарат
Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында бар-жоғы екі минуттың ішінде өрт толығымен ауыздықталған.

Елордада «Нива» көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап. 

«15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне «Нива» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған», - деді комитет.

Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында бар-жоғы екі минуттың ішінде өрт толығымен ауыздықталған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.

Тегтер: Нұрсұлтан