Әлеуметтік желілердің бірінде қаруланған жігіттердің видеосы жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр. Көлікте қару-жарақтың бірнеше түрі жатқанын байқауға болады. Оның ішінде автомат та бар.
Елорда полициясы әлеуметтік желіде тараған видеоны тексеріп жатыр, тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады.
Видео жазба инстаграмдағы белсенді топтардың бірі astana_sergek парақшасында жарияланған.
Бұдан бөлек, рөлде отырған ер адамның былапыт сөздері де естіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қазір тексеріс жүргізіп жатыр.