16.11.2019, 01:31

Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдан 21 кемшілік анықталды

Фото: 24.kz
Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген.

Қызылорда облысында жөнделіп жатқан облысаралық жолдың 27 шақырымынан 21 кемшілік табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген. 700 миллион теңге жұмсалған бұл жолдың беткі жабындысы 5 см болуы тиіс. Бірақ жылжымалы зертхана 1 см-ге жетпейтінін анықтады. Ол аздай, тығыздығы мен тегістігі талапқа сай болмай шыққан. Құрылыс жұмыстары қара күзге дейін созылғасын, салқын асфальт төселуде. «Алайда оның да технологиясы талапқа сай болмай тұр», - дейді мамандар. 

Замир Сағынов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры: 

- 1 ауысым бітіп, 2 бөлік қосылған жері келмейді. Стандартқа сай 3 метрлік рейкімен анықталады. Ол да келмейді. Асфальттың сапасы өте төмен. Осындай ақаулар бар. 

Нұғман Жақұдаев, СЖҚІА облыстық департаментінің бас маманы: 

- Жылжымалы зертханамен 10-рет жолға шығып тұрмыз. Жылжымалы зертхананың қорытындысымен 12 кемшілік анықталды. Оның барлығына ұсыныстар беріліп, отырыста қаралып, ол жолдар қайта жөнделетін болып табылды.