16.11.2019, 03:21

Оралда 17 жастағы бозбала 4-қабаттан секіріп кетті

Фото: Stan.kz
Бозбала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Оралда 17 жастағы бозбала төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 14 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 153-мекенжайында болды. 

Бозбала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Тегтер: Орал