$ 494.87  520.65  4.91

СҚО-да жалғыз басты әйел мен оның 3 жасар баласын айуандықпен өлтірген қаскөй сотталды

Жантүршігерлік оқиға биыл тамыз айында Мамлют ауданының орталығында болған еді.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстанда жалғыз басты әйелмен оның үш жасар баласын асқан айуандықпен өлтірген қаскөй 21 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жантүршігерлік оқиға биыл тамыз айында Мамлют ауданының орталығында болған еді. Сотталушы ескі танысымен жанжалдасып қалып, әйел мен қызын басынан ағашпен ұрғылап, артынан бірнеше жерден пышақтаған. Қаныпезердің есірткі тұтынғаны анықталды. 

Дастан Исмаилов, облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: 

- ҚР ҚК-тің 99-бабы, 2-бөлімі 1,3,5.,14-тармақтары негізінде Игорь Деменьтев кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіздік деңгейіндегі түрмеде өтесін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс #СҚО