$ 494.87  520.65  4.91

Келімбетов "Астана" ХҚО басшысы болды тағайындалды

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы болып тағайындалды.

EXPO-2017 халықаралық көрмесі үшін салынатын инфрақұрылым негізінде қаржы орталығын құру туралы ұсынысты 2015 жылы сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған. Кейін қаржы орталығын құруға алты миллиард теңге бөлінетіні хабарланған еді.

Қараша айында парламент "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдаған.

Еске сала кетейік, Қайрат Келімбетов ұлттық банкті 2013 жылдың қазанынан 2015 жылдың қарашасына дейін басқарды. Мұның алдында ол президент әкімшілігінің жетекшісі, экономика және бюджетті жоспарлау министрі қызметтерін атқарды. Келімбетов ұлттық банкті басқарған тұста теңге екі рет девальвацияға ұшырап, биыл тамызда еркін айналымға жіберілген болатын.

http://www.azattyq.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары