$ 494.87  520.65  4.91

Атамбаев билікті қашан босататынын айтты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттік өкілеттігі аяқталған соң билікте қалмайтынын, саясат ауылынан алыстайтынын жылды қорытындылаған жиында мәлімдеді.

Бірақ алдымен ел экономикасын нығайтуға мүдделі. 2017 жылы айырқалпақты ағайын қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болуы тиіс. Соңғы 4 жылда Атамбаев елге 4 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарта алды.

«Бірақ мемлекеттің басты жетістігі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіргені», – дейді ол.

Алмазбек Атамбаев шекара асып, қару асынғандарға діни білімі таяз деген баға берді. Ол террористердің сойылын соққандарға кешірім болмайтынын, отанға қайта оралмайтындарын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары