Үндістанда құмар ойынына салынған ер адам ұтылып қалып, қарызының өтемі ретінде әйелін ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құмар ойынына салынған Бинод Кумар Шах бәстен жеңіліп қалған. Ол қарызының өтеу үшін, жеңімпазға өтемақы ретінде өз әйелі Чанда Дэвиді ұсыныпты. Басылымда хабарланғандай, әйелі өзге ер адаммен бірге кетуден бас тартқанда, күйеуі оған тап берген.
Дэви болған жағдай туралы полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Әйелдің айтуынша, күйеуі кешке үйге келіп, бәстен жеңіліп қалғанын және ертең ер адам келіп, «ұтысын» алып кететінін айтқан. Алайда әйел бөтен азаматпен кетуден бас тартқанда, Шах оған тап береді.
Полицияға арызданған Дэви оқиғадан кейін күйеуінен кетіп қалыпты. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен бірге тұрып жатыр.