$ 494.87  520.65  4.91

Мұздай қаруланып, «астананы жаулап алмақ» болған жігіттің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге шамасында) айыппұл немесе түзету жұмыстары, болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Әлеуметтік желіде тарап, жұртты шошытқан атышулы видеороликтегі жігіттің кім екені анықталды, деп хабарлады sputniknews.kz сайты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Видеодағы адам - 24 жастағы бұрын сотталған астана тұрғыны. Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.

Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр. Көлікте қару-жарақтың бірнеше түрі жатқанын байқауға болады. Оның ішінде автомат та бар.

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге шамасында) айыппұл немесе түзету жұмыстары, болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары