$ 494.87  520.65  4.91

Қазгидромет синоптиктері 17 қарашаға ауа райы болжамын ұсынады

Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында кей жерде қар жауады.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Кейбір өңірлерде бұрқасындатып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды sputniknews.kz ақпараттық порталы. 

Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында кей жерде қар жауады.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды синоптиктер.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Cұлтанда күн аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -2 градусқа дейін жылынады.

Алматыда күн ашық болады, ауа температурасы +7 градус.

Шымкентте күн аздап бұлтты болады, 12 градус жылы, жауын-шашын түспейді.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасындатып, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай облысында да бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с -ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы