$ 439.4  473.54  4.76

«Имаш қалқам!»: Мұхтар Мағауин Иманғали Тасмағамбетовке АҚШ-тан хат жолдады

«Мен қайткенде бара алмаймын. Мәселе уақыт, жұмыс жағдайында ғана емес. Мен ұшақпен ұзақ сапарды көтере алмаймын».

Қазақстанның халық жазушы Мұхтар Мағауин Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Хатта Мұхтар Мұқанұлы Қасым хандығын басқарған Ораз-Мұхаммедке арналған естелік белгінің ашылу салтанатына не үшін келе алмайтынын жазған. Хаттың толық нұсқасын жариялап отырмыз.

«Имаш қалқам! Назарыңнан тастамағаныңа рақмет! Көптеген игілікті шаруаға ұйытқы болып жатырсың. Бірақ мен қайткенде бара алмаймын. Мәселе уақыт, жұмыс жағдайында ғана емес. Мен ұшақпен ұзақ сапарды көтере алмаймын. Сондықтан айып етпе. Әйтпесе, Ораз-Мұхамедтің ескі жұртына отыз жылдан соң тәуап етіп қайтқан жақсы болар еді. Өкпелеме. Өзіңе қашанда тілектес Мұхтар ағаң. 5.Х.2019. АҚШ».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары