$ 445.66  474.58  4.78

Алматыдан оңтүстікке қарай 327 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы уақытымен 16 сағат 05 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматыдан оңтүстікке қарай 327 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні Алматы уақытымен 16 сағат 05 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 327 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Энергетикалық санаты – 10,1. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 10 шақырым. 

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары