Қытайдың Шанхай қаласының тұрғыны жергілікті сұлулық салонының жанынан өтіп бара жатып, өте қызықты жағдайға тап болды. Ол шаштараздың ет кесетін пышақпен келушінің шашын кесіп отырғанын көріп, таң қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, 120.su сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, қытайлық азамат жол-жөнекей кетіп бара жатып, сұлулық салонында болып жатқан жағдайды көріп, ішіне кіруді ұйығарыпты. Таңырқап қалған ол бірден ұялы телефонын алып, көріністі видеоға түсіре бастаған.
Кадрдан салонға келушінің арнайы орындықта отырудың орнына жерде жатқанын, ал маманның оның шашын ет турайтын пышақпен кесіп жатқанын көруге болады.
Шаштараз, тіпті, бойжеткен жатқан жерге ештеңе төсемеген. Оның шашы ғана арнайы матаның үстіне жайылған. Ер адам келуші қыздың шашын кесіп, кейін ұшталған жерлерін түзулеп берген.
Видео соңында бойжеткенге мұндай шаш қию тәсілі ұнағандай көрінді. Алайда, бейнежазбаға пікір қалдырғандар арасында шаштараздың кәсібилігіне күмән келтіргендер де табылған.
Дегенмен, бұндай шаш қию тәсілі салонда бұрыннан қолданыла ма, әлде күнделікті әдістердің бірі ме, ол жағы белгісіз.