Қытайдың Шаньси провинциясының Пиңао уезіндегі көмір шахтасында жарылыс болып, 16 адам шахтаның ішінде қамалып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, жергілікті уақытпен 13:50-де шахтада жиналып қалған газ жарылған.
CGTN телеарнасы Twitter парақшасында 18 адамның құтқарылғанын хабарлаған. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.