18.11.2019, 20:05

Қытайдағы шахталардың бірінде жарылыс боп, 16 адам үйінді астында қалды

Фото: ҚазАқпарат
Агенттіктің хабарлауынша, жергілікті уақытпен 13:50-де шахтада жиналып қалған газ жарылған.

Қытайдың Шаньси провинциясының Пиңао уезіндегі көмір шахтасында жарылыс болып, 16 адам шахтаның ішінде қамалып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің хабарлауынша, жергілікті уақытпен 13:50-де шахтада жиналып қалған газ жарылған. 

CGTN телеарнасы Twitter парақшасында 18 адамның құтқарылғанын хабарлаған. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылған. 

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: Қытай