$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты

Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз арнағаны баяндалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз арнағаны баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан халқы шейх Сұлтан Әл Наһаянды парасатты азамат, жоғары беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым жадында сақтайтыны айтылған.

– Осындай сын сағатта орны толмас ауыр қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан, Сізге және бүкіл Әмірліктер халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев #БАӘ