20.11.2019, 01:00

Атырауда Ирландия азаматын сабап кетті

Фото: Pixabay.com
Екеуі де алкогольді ішімдік ішкен.

Оқиға қарашаның 15-нен 16-сына қараған түні Азаттық даңғылындағы кафелердің бірінде болған, деп жазады azh.kz.

Түнгі сағат 1 шамасында 33 жастағы ирландиялық пен 35 жастағы ер адамның арасында төбелес шыққан. Екеуі де алкогольді ішімдік ішкен. Кафеде отырған басқа қонақтар полиция мен жедел-жәрдем шақырған.

Куәгерлердің айтуынша, шетелдік азамат ауруханаға жатудан бас тартқан. Кейбір ақпараттарға сәйкес ол Дубайға емделуге аттанған. 

Пол Смит (Paul Smith) есімді ер адамның Ирландия азаматы екені белгілі болды. Оның тұрақты мекен-жайы Қазақстанда.