$ 494.87  520.65  4.91

20 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Циклон жырасының әсерінен және сонымен байланысқан атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабалайды Казгидромет.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. 

Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары