$ 448.15  483.46  4.86

Тоқаев «Домбыра» оқулығының таныстырылымына қатысты

Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз болды.
фото: otyrar.kz
фото: otyrar.kz

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер жайында баяндалды, деп жазады Skifnews.kz  ақпарат порталы Akorda.kz  сайтына сілтеме жасап,

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі мерейтой барысында Алаш ардақтыларына құрмет көрсетіліп, тарих пен тағзымға құрылған шаралар туралы айтты.

Оған қоса, Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз болды. Атап айтқанда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жинақталған «Домбыра» оқулығы таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары