20.11.2019, 14:30

Алматыда белгісіз адамның 12 жастағы қызына пышақпен шабуылдағанын анасы хабарлады

Әйелдің айтуынша, қыз бала қатты қорқып қалған және мектепке баруға қорқады.

Алматының Орбита-1 ықшамауданындағы № 60 мектеп-гимназиясының маңында 12 жастағы оқушы қызға зорлықшы пышақпен шабуыл жасады. Оқушы қыз қашып үлгерген, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға 19 қарашада шамамен 10:30-да мектептен 500 метр жерде болған. Анасының айтуынша, қыз бала әзер дегенде құтылып, гимназияға қарай қашқан. Ер адам жылап бара жатқан қыздың артынан қуған.  

"Ол қарама-қарсы келе жатқан, сосын қызымды көріп, артынан жүре бастап, пышақ ұрған. Қызым бір жанымен көріп қалып, бұғып үлгерген. Қызым соққыдан қашып, отырып қалып, ары қарай қашқан. Ер адам құлаған. Ол боқтық сөздер айтып, артынан қуған. Оның қолында пышаққа ұқсас бірдеңе болған. Ер адам қызымның соңынан мектепке дейін барған. Видеода қызмның жүгіріп кіргені бар, ал ер адам көрінбейді. Әлбетте мен полицияға хабарладым", - дейді зардап шеккен қыздың анасы Кристина. 

Әйелдің айтуынша, қыз бала қатты қорқып қалған және мектепке баруға қорқады. Кристина осындай қылмыстарға күдікті саналған ер адамның интернеттен ер адамның фотороботын тапқан. Бұл сурет Алатау ауданында 2017 жылы болған қылмыстан кейін жасалған фотосурет екен. Сол кезде ер адам 15 жастағы қызды пышақтамақ болған, полиция қылмыстық іс қозғаған, алайда күдіктіні таппаған. Фотороботты Кристина қызына көрсеткен, ол өз кезегінде шабуыл жасаған ер адамды таныған. 

"Оның жасы шамамен 49-50-де. Қазір бірақ сақалы жоқ. Камералар көп болғанда дұрыс болар еді. Себебі балабақшада орналасқан камера қылмысты түсірмеген. Тек оның артынан жүргенін түсірген. Полицияда осы видео бар", - дейді ол. 

 № 60 мектепте осы оқиға туралы біледі. Оқу бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Әбілқасымова ата-аналарды осы жағдай туралы ескерткен.  

"Бізде мектепке кіреберісте ғана камера бар - біз видеоны қарадық, онда ештеңе жоқ. Қыз бала қатты шошып қалған, психологтармен сөйлесті, ата-анасын, полицияны шақырдық. Олар осы аумақты қарап шықты, бірақ нәтиже жоқ. Біз барлық ата-анаға ескерттік. Бізде екінші ауысымда алтыншы сынып оқушылары оқиды, алаңдап отырмыз. Бізде мектеп автобусы болса, қауіпсіздік мәселесі шешілер еді", - дейді Сандуғаш Әбілқасымова. 

Тегтер: мектеп