$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанның 30 градус аязында ер адам қысқа жейдемен беймарал жүр

Елордалықтар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.

Нұр-Сұлтанның қытымыр қысы қаһарына мінді. Далада 30 градус аяз. Ауа райы қолайсыздығы, тасжолдардың жабылуы, мектептерде сабақтың болмауы...

Дегенмен, астаналық ер адамның әрекеті жұртты таңғалдырды. Ол аязға қарамастан, көшеде жеңіл киіммен жүрді. Бұл сәтті Sputnik Қазақстан фотографы түсіріп үлгеріпті.

Жұртты өзіне қаратқан тұрғын үстіне қысқа жеңді жейде мен джинсы шалбар ғана киген екен. Бір қызығы, ол айналысындағы тоңған адамдарға назар аудармайды.

Елордалықтар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары