$ 494.87  520.65  4.91

«Жүйке жүйесі ауруларына душар болдық»: екі нигериялық полицейлерден 50 мың доллар талап етуде

Апелляция алқасы аудандық сотта қаралған істе шикіліктер бар деп шешкен.

Қарағанды түрмесінде отырған Африка азаматтары түрмеде қатты қиналдық, жүрек, жүйке жүйесі ауруларына душар болдық деген шағым айтуда. «Енді көрген қорлығымыз үшін полицейлерден моральдық шығын өтейміз» дейді. Бұл туралы Holanews.kz хабарлады.

Бастапқыда нигериялықтар Түркия азаматының 30 мың АҚШ долларын қолды қылды деп айыпталған.

Апелляциядан кейін іс қайта қарауға жіберіліп, олардың кінәсі дәлелденбегені анықталды. 
Тұйғын Юсуф есімді азамат үйімнен 30 мың долларым ұрланды деп арызданған. Полиция соның алдында үйде қонақта болып кеткен екі шетел азаматын ұстады. Ақыры, сот оларды бес жылға соттады. 

Алайда, апелляция алқасы аудандық сотта қаралған істе шикіліктер бар деп шешкен. Соттаушылардың уәждері «гугл аудармашының» көмегімен қалай болса солай аударылыпты. Іс қайта қаралғанда аудармашы алдырылып, тіл білмейтін екеудің жанайқайы судьяның құлағына жеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары