$ 494.87  520.65  4.91

«QR-код пен сайт атауы көрсетілген»: Алматыда есірткі жарнамаланған баннер көпшіліктің наразылығын тудырды

Байқау талаптары – баннер қасында суретке түсіп, достар мен таныстарды тегтей отыра әлеуметтік желіде жариялау керек.

Алматының орталық көшелерінде есірткі жарнамасы туралы баннерлер көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Алғаш ол туралы қоғам белсендісі Әсем Жапишева Facebook парақшасында жазды.

Жазба авторы ондай жарнамалық баннерлерді бірнеше орталық көшеден көргенін жазады.

«Баннерде QR-код пен сайт атауы көрсетілген. Сол код арқылы сайтқа өтіп, стафф, спид, мефедрон, кристал басқа да заттарды алуға болады. Одан да сорақысы, баннер ілген адамдар айфон, тағы басқа заттарды ойнату үшін байқау ұйымдастырған. Байқау талаптары – баннер қасында суретке түсіп, достар мен таныстарды тегтей отыра әлеуметтік желіде жариялау керек. Тек бұл фитнес орталықтың жарнамасы емес, есірткі дилерлерінің жарнамасы»,– дейді ол.

Әсем Жапишева мұндай баннерлердің Алматыдан бөлек, Қазақстанның ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Өскеменде бар екенін айтты.

«Аталған дерек қалалық Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауына алынды. Құқық қорғау органдары тарапынан шұғыл шаралар қолға алынды. Тексеру нәтижесінде, баннерді жариялаған компания анықталды. Жақын арада тапсырыс беруші де табылып қалады», - деді Полиция департаментінен.

Қазір полиция аталған баннерлерді алып тастауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары