$ 449.58  486.94  4.86

Нұр-Сұлтанда құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Көлгіновпен байланыса алмай жүр

Бақдәулет отбасының жалғыз баласы еді.
Tengrinews.kz
Tengrinews.kz

Биыл ақпан айында кәріз құдығына құлап, қаза тапқан 13 жастағы Бақдәулет Өмірханның анасы елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездескісі келеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы блогер Ерлан Сәкенов Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады

Бақдәулет отбасының жалғыз баласы еді. Анасы бала өліміне жауапты кәсіпорын жетекшісінің әлі күнге кешірім сұрамағанын айтады. Әйел жалғыз ұлынан айрылғалы денсаулығы да сыр беріп жүргенін айтады.

"Ұлынан айрылған соң Перизат көптеген геморрагиялық васкулитке шалдығып, жүйке түйіндері қысылып қалған. Бұл жәйтті ол ұлының өлімімен байланыстырады. Қазір дәрігерлер қадағалауында жатқан ол күйзелістен әлі күнге шыға алмай жатыр.

Ұлы дүниеден озғаннан кейін "Астана су арнасы" кәсіподақ комитетінен бір ғана адам келген. Бас директор көңіл айтпаған. Бала құлап кеткенде еш жері сынбапты. Ол ұзақ уақыт бойы есін біліп жатқан екен. Денесі ауырса да, бала тырмысып, өмір үшін күрескен. Сол кезде "Астана су арнасы" график бойынша қырқыншы станцияны тексеріп жатқан, бірақ ұлы қайтыс болған құдықты бригада қарамаған да. Бұл аймақтағы құдықтар "Астана су арнасына" 2014 жылдан бастап тиесілі. 

Бақыт Сұлтановтың өкілдері Перизатты қала әкімімен кездестіре алмады. Перизат сол кездесуге адвокатпен бірге барғысы келді. Қаланың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновпен де кездесе алмады. Перизат әкіммен байланысқа шығуын күтіп жүр", — деп жазды блогер. Сонымен қатар, ол ата-ананың өз балаларын жер қойнына тапсыру қасіретіне тап болмауы керектігін ескерді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 жастағы жеткіншек Бақдәулет Өмірхан кәріз құдығынан өлі күйінде табылмай тұрып, көріпкел әжей оның тірі екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары