Алматыда жолаушылар автобусы кесірінен болған жол-көлік оқиғасында екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің сөзінше, №44 жолаушылар тасымалдайтын автобус қаладағы Шаляпин көшесінде келе жатқан. Момышұлы көшесіне жетпей, автобус жүргізушісінің жағдайы ауырлап, көлік тізгініне ие бола алмай қалыпты. Салдарынан жолаушылар көлігі жолдың шетіне шығып кетіп, жол белгісіне барып соғылған. Автобус жүргізушісі мен бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.