$ 494.87  520.65  4.91

Венесуэлада медицина қызметкерлері наразылыққа шықты

Плакат ұстап шыққанжұмысшылар медициналық орталық алдына жиналып, дәрі тапшылығына шағымданды.

Венесуэла астанасында медициналық қызметкерлердің шеруге шығуына байланысты ондаған аурухана мен поликлиника жұмысы тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Плакат ұстап шыққан жұмысшылар медициналық орталық алдына жиналып, дәрі тапшылығына шағымданды. Бұған қоса, олар жалақыны көтеруді талап еткен. 

Айта кетейік, экономикалық күйзелісті бастан кешіріп жатқан Венесуэла елінде дәрі-дәрмек пен азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі айқын сезіледі. Оған өндірістің қысқаруы мен қатаң валюталық бақылау себеп болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Венесуэла