Бүгін Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қарағанды, Павлодар облыстарында, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с жоғары күтіліп, кей жерлерінде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 17-22, кей жерлерде - 25, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, 30 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде ұйытқып жел соғады, 15-20, кей жерлерде екпіні 23-25 м/с жетіп, кей жерлерде бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.
. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады.