$ 498.34  519.72  4.85

Таразда 11 жасар қыздың асқазанынан 1 кг шаш шықты

Жамбыл облысында дәрігерлер ерекше жағдайдың куәсі болды. 11 жасар қыз баланың асқазанынан 1 келіден асатын шаш шыққан. Күрделі ота сәтті өтті. Қазір науқас ауруханада ем алуда деп хабарлайды KTK.

Қаршадай қыздың ас қорыту мүшесінен ұзындығы 52 см, салмағы бір келіден асатын үйіскен шаш шыққанда мамандар шалқасынан құлай жаздаған. Әке-шешесі жасөспірімнің атын атап, түсін түстеуге қарсылық білдіруде. Белгілі болғаны, мектеп оқушысы шамамен екі ай бұрын өзін жайсыз сезіне бастаған. Іші ауырып, тамаққа тәбеті құрыпты. Бірқатар тексеруден соң, ағзасында қауіпті ісік болуы мүмкін деген. Алайда, қорытынды сараптамадан кейін асқазанында белгісіз заттың тұрғаны анықталып, дереу операция жасалды. Ішекте мұншама қылдың жиналуын шаш тістелейтін жаман әдеттің кесірі деп топшылап отыр мамандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары