$ 494.87  520.65  4.91

Таразда бай отбасын тонамақ болған күдікті ұсталды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кеше Тараз қаласында орналасқан жеке тұрғын үйлердің біріне атыс қаруымен басып кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған азаматты құрықтады.

Тонаушылар үйдің екінші қабатында жүрген кезінде, жәбірленуші Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының «102» тетігіне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарласып үлгерген, келіп түскен қоңыраудан кейін бір жарым минутта оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби, жедел әрекет етуінің нәтижесінде тонаушы үйге жақын маңда ұсталды. Аталған оқиға сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қажетті сот-медициналық сараптамалары тағайындалып, келтірілген материалдық шығын мөлшері анықталуда. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары