ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда 12 жастағы оқушының дәретханада зорланғаны хабарланған болатын. Кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.
Полицейлер 15 қарашада Тараз қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлаған 38 жастағы күдіктіні ұстады.