$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте құрылыс нысаны опырылып түсіп, 5 адам зардап шекті

Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы Ибрагим ата көшесіндегі тойхана ретінде салынып жатқан құрылыстың 1500 шаршы метрі құлаған.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Шымкентте құрылыс нысанының шатыры мен темірбетонды қабырғасы опырылып, 5 адам зардап шекті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы Ибрагим ата көшесіндегі тойхана ретінде салынып жатқан құрылыстың 1500 шаршы метрі құлаған.

Оқыс жағдайдан зардап шеккен бес жұмысшы да Өзбекстан Республикасының азаматтары. Барлығы да жедел жәрдем қызметімен Шымкенттегі нөмірі 3-ауруханаға жеткізілген.

"Ауруханаға 5 зардап шеккен азаматтар жеткізілді. Біреуінде ашық бас ми жарақаты, миы шайқалған, жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылды. Екіншісі кеуде клеткасы зақымдалған. Бауыры мен іші зардап шеккен. Қазір ота жасалып жатыр.

Үшінші науқастың бүйрегіне нұқсан келген. Ол стационарлық ем қабылдайды. Қалған екі зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылды,"-деп мәлімдеді 3-ші қалалық аурухананың бас дәрігері Ибрагим Ташев.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 3 арнайы техника, 8 құтқарушы, 1 кинологиялық ұжым жұмылдырылған. Кинологтар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Үйінділер мен қирандылар астында зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ,"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары