$ 498.34  519.72  4.85

70 жастағы ер адамның көзінен 7 см құрт алынды

Үндістан тұрғынының көзінен ұзындығы 7 сантиметр болатын құрт алынды.

Үнді азаматын он екі жыл бұрын ит қапқан. Дәл сол кезде паразит оның ағзасына енген болуы мүмкін.

Үндістан тұрғынының көзінен ұзындығы 7 сантиметр болатын құрт алынды. Бұл туралы Mirror басылымы жазады.

Үндістанның Гуджарат штатының 70 жастағы тұрғыны Джасубай Пател бірнеше жыл бойы көзінің ауыратынын және қатты қышу барын айтып, шағымданып келген. Ер адам дәрігерлерге бірнеше рет барған, бірақ олар диагнозын қоя алмаған. Офтальмолог Милан Панчал пациенттің көзіндегі паразитті 2019 жылдың қазанында тапқан. Дәрігер шұғыл ота жасау керек, әйтпесе паразит миға кетіп қалады немесе Джасубайды соқыр қылуы мүмкін екенін ескертеді.

25 минут бойы ота жасалып, оның көзінен жеті метрлік құртты алып шықты. 

Үндістан тұрғыны 12 жыл бұрын ит қапқанын айтқан. Ал дәрігер паразит сол кезде оның ағзасына кіруі мүмкін деп отыр.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үндістан