$ 445.66  474.58  4.78

3 жасар бала қайнап тұрған сорпаға түсіп кетті

Оқиға Хайдарабад қаласына жақын жердегі ауылда болған.

Үндістанда ауылдағы мереке кезінде 3 жасар бала қайнап тұрған сорпаға түсіп кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Оқиға Хайдарабад қаласына жақын жердегі ауылда болған. Үш жасар Суреш әкесімен ауылда мерекені тойлауға келеді. Ойнап жүрген бала самбар сорпасы әзірленіп жатқан қазанға түсіп, қатты күйіп қалады.

Оны бірден ауруханаға жеткізеді. Бірақ бірнеше күннен кейін күйік салдарынан қайтыс болған. Баланың әкесі полицияға хабарласты. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үндістан