$ 488.45  529.19  5.04

Қазақстан мен Швейцария бірлескен 6 меморандумға қол қойды

Биылдың өзінде өзара сауда-саттық 2 миллиард АҚШ долларына жуықтаған.

Бұл жөнінде бүгін елордада өткен дөңгелек үстелде белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Швейцария президенті Ули Маурер мен еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысқан жиында қос тарап екі елдің бірлескен жобаларын көбейтіп, алыс-берісті арттыру жайын сөз етті. Биылдың өзінде өзара сауда-саттық 2 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. 

Кристиан Рей, швейцариялық компанияның президенті: 

– Бурабайды қазақстандық Швейцария деп атайды. Расымен де табиғаты тамаша және біз онда өз үйімізде жүргендей сезінеміз. Сондықтан өңірде туризмді дамытуға арналған бірлескен жобаны қолға алдық. Біз тек саладағы құрылысты ғана емес, қызмет сапасы мен инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөлеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары