$ 447.4  477.55  4.76

Қызылордада оқушының қымбат баскиімін тартып алған әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Бас киімін ұрлатып алған қыздың туыстары полицияға 23 желтоқсан күні арызданған. Белгісіз әйел 14 жастағы жеткіншектің басындағы қымбат баскиімді жұлып алып, оқиға орнынан ізін суытыпты.

Шұғыл іздеу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары оқиға болған маңайдағы бейнекамераларды тексеру барысында қашып бара жатқан күдіктіні көріп, оны ізін суытпай құрықтады. Күдікті - 1982 жылы туған жергілікті тұрғын.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1-бөлігі бойынша (Тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары