Польшаның Томашов-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады.
3000 метрге жарысудан әйелдер арасындағы В тобында сынға түскен Надежда Морозова алтыншы орыннан көрінді.
В дивизионында 500 метрге жарысқан ерлер бәсекесінде қазақстандық Виталий Щиголев 7-ші, Дмитрий Морозова 16-шы, Демьян Гаврилов 25-нәтиже тіркеді. Ал ерлер арасындағы командалық спринтте Қазақстан 13 команданың ішінен 8-орынға тұрақтады.