23.11.2019, 08:00

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде Қазақстан 8-орын алды

Ал ерлер арасындағы командалық спринтте Қазақстан 13 команданың ішінен 8-орынға тұрақтады.

Польшаның Томашов-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады.  

3000 метрге жарысудан әйелдер арасындағы В тобында сынға түскен Надежда Морозова алтыншы орыннан көрінді.  

В дивизионында 500 метрге жарысқан ерлер бәсекесінде қазақстандық Виталий Щиголев 7-ші, Дмитрий Морозова 16-шы, Демьян Гаврилов 25-нәтиже тіркеді.  Ал ерлер арасындағы командалық спринтте Қазақстан 13 команданың ішінен 8-орынға тұрақтады. 

Тегтер: коньки кубок