Женеваның прокуратурасы "БТА БАНК" арызы бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының бұрынғы әкімі болған Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз-қызметінде мәлімдеді. Ілияс Храпуновқа банкқа тиесілі ақшаны жымқырған деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
БТА банк Ілияс Храпуновтан қарызды қайтарып алу үрдісін бастап кетті. Мұның барысында Храпуновтың Швейцариядағы, Люксембуртағы, Бельгиядағы және Лихтенштейндағы мүліктері анықталып, тәркіленетін болады. Бұл шешімге Лондонның жоғарғы соты 2018 жылдың 21 шілдесінде келген. Жоғарғы соттың шешімі бойынша Ілияс Храпунов БТА банкіне 500 миллион доллардан астам ақша қайтаруы қажет. Мұндай мәлімдемені банктің баспасөз-қызметі жасады. Мәлімдемеге сәйкес, Женева қаласының бірінші инстанциялық соты 2019 жылдың 9 тамызында Ілияс Храпуновтың өтінішхатын негізсіз деп танып, жоғарғы соттың шешімін мақұлдапты.