23.11.2019, 12:55

Telegram мессенджерін жасаушылар көпшіліктен не үшін кешірім сұрады?

Мессенджер DDoS-шабуылға ұшыраған.

Downdetector жұма күні жаһандық желінің Ресей мен Еуропаның бірқатар елінде жұмыс істемегені туралы хабар таратты, деп жазады Іnbusiness.kz.

Telegram мессенджері жұма күні әлемнің бірнеше елінде жұмыс істемей қалған. Бұл ақау туралы Downdetector жаһандық сервисі хабарлады.  

Атап айтсақ, Ресей астанасы мен Украинаның Киев, Одесса, Харьков сынды қалаларында, бұдан бөлек, Беларусь, Өзбекстан, Германия, Франция мен Ұлыбританияда  Telegram істен шыққан.  Сонымен қатар, Твиттердегі Telegram-ның неміс тіліндегі ресми аккаунтында бұл ақпаратты растап, желі пайдаланушыларынан кешірім сұраған.

 «Біз мамандарды серверлердегі ақаулар туралы хабардар еттік. Олар бұл мәселені шешіп жатыр. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,-делінген Твиттерде.  Бұған дейін Telegram 2019 жылдың маусым айында жұмыс істемей қалған. Ол кезде мессенджер DDoS-шабуылға ұшыраған. Ал желі авторы Павел Дуров маусымдағы ақауларды Гонконгтегі оқиғалармен байланыстырған. 

 

Тегтер: telegram