23.11.2019, 20:50

Ақмола облысында ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді (ВИДЕО)

Күдікті жалға алған үйінде химиялық және психотроптық заттарды жинап, арнайы ыдыстарда сақтаған. Әрі сол жерде синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан.

Елордада синтетикалық есірткі жасайтын зертхана жойылды. Бұл қылмысты ұйымдастырушы Екібастұз қаласының тұрғыны екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті жалға алған үйінде химиялық және психотроптық заттарды жинап, арнайы ыдыстарда сақтаған. Әрі сол жерде синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан. Үйін тінту барысында сатуға дайындалған ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді. Зертхана төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің көмегімен жойылды. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні алдын-ала белгілі бір жерге жасырып, интернет арқылы саудалаған. Тергеу, тексеру кезінде осылай қалалық зират маңына жасырған 315 грамм мөлшеріндегі синтетикалық препарат табылды. Айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.