30 желтоқсан күні ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздің бесм облысында жолдар жабылды деп хабарлайды "Қазавтожол".
Атап айтқанда, Астана - Қарағанды, Астана - Павлодар, Астана - Қорғалжын тас жолдарымен жүруге шектеу қойылды. Сондай-ақ, Ақмола облысында боранға байланысты Астана - Ерейментау - Шидерті, Екатеринберг - Алматы (Астана мен Қарағанд облысының шекарасына дейінгі аймақ), Астана - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау тас жолдары да жабылған.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Шемонаихадан РФ шекарасына дейінгі аймақ), Қарағанды - Аягөз - Бұғаз, Алматы - Өскемен (Қалбатау ауылынан Қ.Қайсенов ауылына дейінгі аймақ), Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Первомайка - Шемонаиха ауылдарының аралығы), Өскемен - Семей (Герасимовка - Щульбинка ауылдарының аралығы) тас жолдары автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Қостанай облысында Арқалық - Торғай, Жезқазған - Петропавл тас жолдарында да шектеу бар.
Жамбыл облысында Б.Момышұлы - Қошқарата тас жолы, Қарағанды облысында барлық қалааралық трассалар жабық.