$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жас жігіт сот ғимаратына күшпен басып кірмек болған

Шымкентте Еңбекші аудандық сотының ғимаратына басып кірген жас жігіт есік аузындағы полиция қызметкерін соққыға жыққан. Бұл жайында жергілікті "Отырар" телеарнасы хабарлады.

Бұл жаға жыртыс аудандық соттың бейнекамерасына түсіп қалған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетіп, тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен азаматты ұстады. Қазір полиция сержантына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал, заң өкілімен төбелесіп, оның погонын жыртқан жігіттің үстінен қылмысты іс қозғалды.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктіні тергеуге алып, оның неліктен сот ғимаратына кірмек болғандығы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары