$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда орын алған жол апатының мән-жайы белгілі болды

Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Сарыағаш-Шымкент бағыты бойынша келе жатып тежегіші істен шыққан, нәтижесінде екі Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқан.

15 адам зардап шеккен Түркістан облысындағы жол-көлік оқиғасының мән-жайын "Қазавтожол" ҰК мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 қарашада таңғы сағат 11:00 шамасында Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Сарыағаш-Шымкент бағыты бойынша келе жатып тежегіші істен шыққан, нәтижесінде екі Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқан. Осылайша Hyundai Accent жана бастаған. Осы бағытта келе жатқан төртінші көлік жүргізушісі басқалармен апатқа түспеу үшін тосқауылға келіп тиген", - деп хабарлады Ұлттық компания баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Еске салсақ, мұның алдында тас жолда жаппай апат болып, салдарынан 15 адам зардап шеккені хабарланған. Жеті адамның халі нашар, жансақтау бөлімінде жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркістан