Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті,– деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Айқын" газеті.
Оқиға Желаев кентінде болған. Сағат 17.30-да «Орыс моншасы» ауданында жасанды су қоймасында конькимен сырғанау кезінде ер адамның мұздың астына түсіп кеткені жөнінде мәлімет түскен. Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) сағат 17.49-да жеткенде екі адамның сондай жағдайға тап болғаны анықталды. Олардың екеуі де құтқарылды.
1989 жылғы ер адам конькимен сырғанаймын деп мұздың астына түсіп кетсе, екіншісі, 1967 жылғы азамат оған жәрдем бермек болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1989 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Мұзды судан тоңып қалған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.