$ 498.34  519.72  4.85

«Әнұранды тағы да қорлады»: Әбу-Дабиде өткен әлем чем­пио­натында еліміздің гимні кілт үзіліп кетті (ВИДЕО)

Әлемдік додада Қазақстан Әнұранының тоқтап қалуы бірінші рет емес. 2017 жылы Сочиде самбодан өткен әлем чемпионатында жаңасының орнына ескі әнұран қосылды.

Белгілі қазақстандық спорт­шы Мөлдір Мекен­баева джиу-джитсу­дан Әбу-Дабиде өткен әлем чем­пио­натында алтын медаль алды. Турнир бары­сын­да жеңімпазды мара­пат­тау салтанатында тосын жайт орын алды. Қазақстан­ның Әнұраны кілт үзіліп, Ме­кенбаева мен жан­күйер­лер гимнді акапелла­мен айтты, деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында алтын алған ару жеңісті жолын Іnstagram-да толықтай жазды. Спорт­шының айтуынша, жеңіс оңайлықпен келмеген. Топтағы 4 мықтымен қатарласа шауып, жүлделі орынды қанжығасына байлаған. 

«Себетке орналастыруда жо­лым болмады. Менің тобымда 4 фаво­рит бар. Бәрі титулды спортшылар. JJIF халықаралық джиу-джитсу федерациясының рей­тингінде бірінші орында тұр­дым. Сондықтан алғашқы ай­налымнан автоматты түрде өт­тім. Екінші жекпе-жекте кана­да­лық спортшымен кездестім. Ол қара белбеу иесі болатын. Оны жеңгенен соң 2017 жылдың неваз бойынша әлем чемпионы және UWW чемпионымен кезде­се­мін деп ойладым. Алайда оны Швеция­дан келген спортшы (қара белбеу) айналып өтті. Үшін­ші жекпе-жекте швециялық спортшыны жеңіп, финалға жол­дама алдым. Шешуші кезең­де мені Ресейдің тәжірибелі спорт­шысы күтіп тұрды. Финал­да қылқындыру әдісін қолданып, жеңімпаз атандым», – деп жазды Мекенбаева.

Әлемдік додада Қазақстан Әнұранының тоқтап қалуы бірінші рет емес. 2017 жылы Сочиде самбодан өткен әлем чемпионатында жаңасының орнына ескі Әнұран қосылды. Залда отырған жанкүйерлер қарсылық танытып, тоқтат­қаны­мен ұйымдастыру­шы­лар жаңасын қосқан жоқ. Нәтиже­сінде, спортшы мен жанкүйер­лер «Менің Қазақ­ста­ным­­ды» хормен айтты. Бапкер, билік бәрі реніш білдіріп, артынан Ресейдің самбо федерациясы кешірім сұрады. Осымен мұндай жайт аяқталды ма дегенде, Бан­го­лореде өткен Азия чем­пио­­натында кезекті рет қайталанды. Су спорты түрінен өткен жарыс­та қыздарымыз Қытай құрама­сын жеңген соң, Әнұран айту рәсімі басталады. Алайда бас­тал­май жатып тоқта­ған Ән­ұран­­ды қыздар қосыла шырқай­ды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары