$ 498.34  519.72  4.85

«Бала, өгей әкеден қорлық көрген»: Шешесі де сау сиырдың боғы емес (ВИДЕО)

Бастысы, бала аман. Өз әкесімен телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен. Әжесі мен әкесінің мойнына асылып жылағанын көргенде іші-бауырым елжіреп кетті.

Бүгін біздің подъезде боевик кинодағыдай оқиға болды. Есік алдына өрт сөндіргіш машина, полиция қызметкерлері бір мезетте жетіп келді,-деп жазды тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыпов өзінің Facebook-парақшасында. Сондай-ақ куәгер, болған жайтты бейнекамераға түсірген. Оқиға Қарағандыда орын алды.      

 Бірінші қабаттағы біздің есік бұндайда бірінші қағылады:
- 4 қабаттағы Пәленбайевтар бала құқын аяққа таптайды екен. Баланы үнемі ұрып-соғады. Есігін бұзып кіруден басқа амалымыз жоқ. Сенбесеңіздер міне мұғалімі, міне білім басқармасының адамы. Кешеден бері баланы бізге бермей отыр. Ауруханада жатқан баланы алып кеткен. Сіз бізге понятой болыңыз. Кішкене бүлдіршін үшін,-деп полиция қызметкері өтініш білдірді.

Осындай сөздерден кейін қалайша сырт қаласың? Өздері іс барысын видеоға түсірді. Бізге де түсіруге рұқсат берді.

Жігіттер шалт қимылдап, есікті тез ашты.
Расында, іштегі баланың халі мүшкіл екен. Жедел-жәрдем дәрігерлері тексеріп жатқанда-ақ баланың селқостығы,жанарының мәнсіздігі 4-5 қадам жерден сезіліп тұрды. "Өгей әкеден қорлық көрген" дейді. Меніңше шешесі де сау сиырдың боғы емес. Себебі, біз кеткенде дін аман еді. Шамалыдан соң полиция бөлімшесіне бір көзін көгертіп жетіп кепті...
Бастысы, бала аман. Өз әкесімен телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен. Әжесі мен әкесінің мойнына асылып жылағанын көргенде іші-бауырым елжіреп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары